Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды
akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Аида Балаева бұған дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі қызметін атқарды. Ол бұл қызметке 2023 жылғы 2 қыркүйекте тағайындалған. 

Балаева әр жылдары мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар жауапты қызмет атқарған. 2010-2014 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2014-2019 жылдары Президент Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болды. 2019-2020 жылдары Президент көмекшісі – Президент Әкімшілігінің өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 

2020-2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму министрі, ал 2022-2023 жылдары Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. 

Балаева – әлеуметтік ғылымдар кандидаты, «Құрмет» орденінің иегері.