АҚШ президенті Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Айдың суретін жариялап, оған «Ай біздікі» деген жазу қосты, деп хабарлайды dalanews.kz.
Трамп 6 қыркүйекте Truth Social желісінде Жер мен Ай бейнеленген сурет жариялады. Суретте Ай бетіне АҚШ туы қойылып, «The Moon Is Ours» деген жазу орналастырылған.
Алайда бұл жарияланым Айдың АҚШ аумағына айналғанын білдірмейді. 1967 жылғы Ғарыш туралы шартқа сәйкес, мемлекеттер Айды немесе өзге де аспан денелерін ұлттық аумақ ретінде иемдене алмайды.
Трамп әкімшілігі АҚШ-тың Айды зерттеу бағдарламасын жандандыруға басымдық беріп отыр. Вашингтон америкалық астронавттарды Айға қайта жіберіп, болашақта онда тұрақты инфрақұрылым қалыптастыруды көздейді.