Freedom Inside '26

"Әділетсіздікті өзгерттік". Аймағамбетов ғалымдардан сүйінші сұрады

"Әділетсіздікті өзгерттік". Аймағамбетов ғалымдардан сүйінші сұрады
gov.kz

"Жас ғалым" мәртебесінің жас шектеуі ресми түрде ұзартылды. Енді ол 44 жасқа дейін болады. Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, түзету қабылданған.

"Бұған дейін қалай еді және неге бұл үлкен мәселе болды? Көптеген зерттеуші PhD дәрежесін 30-32 жас шамасында алады, ал медицина сияқты ұзақ даярлықты қажет ететін бағыттарда бұл кезең одан да кеш келеді. PhD докторы атанып, нағыз тәжірибе жинап, үлкен зерттеулерді бастаған шағында ғалымдар 35-ке толып үлгеретін. Салдарынан ең өнімді жұмыс істейтін шағында олар жас ғалымдарға арналған мемлекеттік гранттардан, стипендиялардан, тіпті баспана бағдарламаларынан қағылып қалатын. Осы жасанды шектеудің кесірінен қаншама дарынды маман ғылымнан кетіп қалды. Енді біз бұл әділетсіздікті өзгерттік", - деді Асхат Аймағамбетов.

Енді жас ғалым - жасы 44-ті қоса алғанда, ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын (бала күтіміне байланысты 3 жылға дейінгі демалыс уақытын есептемегенде) зерттеуші.

Депутат бұл өзгеріс мынадай артықшылықтар беретінін айтты:

  • Гранттарға жол ашылады. Жас ғалымдарға арналған миллиардтаған теңгенің арнайы мемлекеттік байқауларына енді 44 жастағы зерттеушілер де тең құқылы қатыса алады (ғылыми жұмыс өтілі 10 жылдан аспайтын).
  • Арнайы стипендиялар. Жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендияларды иеленуге толық құқық беріледі.
  • Басқа да артықшылықтар. Жаңа заң ғалымдарымызға жаңа серпін береді.