Әкімдік оқушыларға 13 көлік құралы сатып алды. 4 автобус Семей қаласына берілсе, қалған көлік құралы Бесқарағай, Абай, Жарма, Аягөз, Бородулиха аудандарына жол тартты.
Жаңа темір тұлпарлар америкалық үлгіде құрастырылған. Газель 13 жолаушыға, шағын автобустар 22 жолаушыға арналған. Автобустар қауіпсіздік белдіктерімен, сөмкелерге арналған сөрелер және бейнекамералармен жабдықталған.
Автобустардың есіктері ашық болған кезде автоматты түрде бұғатталады. Мемлекеттік және орыс тілінде айтылатын дыбыстық хабарламалар қосылған. Лизинг арқылы сатып алынған автобустар қосымша мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған көтергіш құрылғылармен және 4 камерамен жабдықталған.
Айта кетсек, бұған дейін облыста жаңа автобустар алынбаған. Келесі жылы тағы 3 газель мен 2 автобус сатып алу жоспарда бар.