Абай облысында ауылдық округтің бұрынғы әкімі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Үржар ауданы прокуратурасы ауылдық округтің бұрынғы әкімі қоғамдық жұмыстарға бөлінген 500 мың теңгеден аса қаражатты жымқырғанын анықтады.
Сот үкімімен бұрынғы әкім ҚК-нің 190-бабымен (алаяқтық) мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Үкім заңды күшіне енді. Мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.
