Алматыда жас жігіттерді көшеден ұстап әкетіп жатыр деген ақпарат тарады

Алматыда жас жігіттерді көшеден ұстап әкетіп жатыр деген ақпарат тарады
Фото: Письма Президенту
Алматыда жас жігіттерді көшеде белгісіз себептермен ұстап жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алматыда жас жігіттерді көшеден белгісіз себептермен ұстап әкетіп жатыр деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Письма Президенту телеграм арнасының мәлімдеуінше, Алматы қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері кешкі уақытта көшеде жүрген жас азаматтарды себепсіз тоқтатып, ұстап жатыр.

"Олар 244JCA02 нөмірлі автокөлікпен жүр", - деп жазған дереккөзге оқырмандар.

Бұған дейін ҚР Қорғаныс министрлігі әскери қызметтен қасақана жалтарған азаматтарға әкімшілік айыппұл ғана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылатынын ескерткен еді.

Аталған мәселеге қатысты ведомстводан ресми жауап күтілуде.