Отбасы банк Green Awards 2025 салалық сыйлығының «Маңызды серіктестік» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Банк жасыл құрылыс саласын дамытудың және «жасыл ипотека» бағдарламасын ілгерілетудегі елеулі үлесі үшін марапатталды. Бұл бағдарлама Қазақстандағы тұрғын үй секторын тұрақты дамытуға бағытталған.
Сыйлықты Қазақстанның жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) төрағасы Данияр Азымханов Green Build Central Asia 2025 мерейтойлық форумында табыс етті. Бұл шара құрылыс саласының жетекші өкілдерін, қаржы институттарын, мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарын, сондай-ақ халықаралық ұйымдарды біріктірді.
«Отбасы банктің «Жасыл ипотека» бағдарламасы - ESG принциптерінің нақты жүзеге асуы. Бұл біз үшін даму стратегиясының маңызды бөлігі. Экологиялық тазалық қазір тұрғын үйдің қолжетімділігі мен сапасы сияқты қалыпты жағдайға айналды. Біздің пилоттық өніміміз көрсеткендей, қазақстандықтар энергияны үнемдейтін және экологиялық таза үйлерді таңдауға дайын, ал нарық азаматтардың сұранысына қарай өзгеруге бейім. Біз қауіпсіз және тұрақты қалалық орта құратын құрылыс компанияларын қолдаймыз және клиенттерімізге осындай үйлерді таңдауға арналған қолжетімді құралдар ұсынамыз. KazGBC сыйлығы біз дұрыс бағытта жүргенімізді және елдің жасыл экономикасын дамытуға нақты үлес қосып отырғанымызды растайды», – деді «Отбасы банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлия Айдарбекова.
Отбасы банк «Жасыл ипотека» бағдарламасы бойынша қарыз беруді 2023 жылдан бастап жүргізіп келеді. Жобаны бан қаржыландырады. Бұл қаражат сұранысқа байланысты «жасыл» пәтерлерді жүзеге асыру бойынша құрылыс компаниялары бар өңірлерге бөлінеді.
«Жасыл» деп халықаралық сертификаттардан өткен тұрғын үй саналады – ГОСТ Р, LEED, BREEAM немесе Қазақстан стандарттары бойынша – OMIR. Қазақстандағы OMIR стандарты KazGBC – Жасыл құрылыс кеңесі арқылы беріледі.
Жоба географиясына Астана, Алматы, Шымкент, Қосшы, Түркістан қалалары және Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Алматы және Ақтөбе облыстары кіреді.
«Жасыл ипотека» бағдарламасы аясында тұрғын үй нысандарының құны нарықтық бағамен анықталады. Бағдарламаның артықшылығы – төмен бастапқы жарна және тұрғын үйдің меншікте болуы немесе тіркелген жері болу талабының болмауы.
2025 жылы Отбасы банк 570 несие беріп, жалпысомасы 14,7 миллиард теңгеге жетті. Ең көп тұрғын үйАстана қаласында берілді.
Бүгінгі күнге дейін, 2023 жылдан бастап, жалпы 1 825 несие беріліп, оның жалпы сомасы 46,1 миллиард теңгеге жетті.
