Гонконгте алапат өрттен 40-тан аса адам мерт болды: Тоқаев көңіл айтты

Сағыныш Сардарова 27 қар. 2025 10:26

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гонконг қаласында болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты.

Президент зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Тұрғын үй кешенінде шыққан алапат өрттен шамамен 44 адам қаза тапқан.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар