2025 жылдың 6 желтоқсанынан бастап Қазақстанда некені ерекше жағдайларда мемлекеттік тіркеу арқылы бұзудың құнын есептеудің жаңа тәртібі күшіне енеді, деп хабарлайды Dalanews.kz PRG.Zanger сайтына сілтеме жасап.
Қызмет құны 2025 жылғы 20 қарашадағы №587/НҚ Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің бұйрығымен бекітілген.
Құжатқа сәйкес, жұбайының хабар-ошарсыз кеткенін, әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі әрекет қабілетті деп танылғанын растайтын сот шешімі негізінде, сондай-ақ жұбайының қылмыс жасап, кемінде үш жылға бас бостандығынан айырылғаны туралы сот үкімі немесе жұбайының халықаралық іздеуге жарияланғаны туралы қылмыстық қудалау органының қаулысы негізінде неке қиюды мемлекеттік тіркеу арқылы бұзудың құны ҚҚС-сыз 345 теңгені және ҚҚС-пен 386,4 теңге.
«Бұл сома бекітілген және өзгеріске жатпайды. Осылайша мемлекеттік қызметке жүгінген кезде азаматтардың шығыстарының ашықтығы мен алдын ала болжануын қамтамасыз етеді», - деп түсіндіреді министрлік.
Айта кетейік, бұған дейін осындай қызмет түрлерінің тарифі өңірге немесе жағдайға байланысты әртүрлі болуы мүмкін еді. Ал жаңа өзгерістер бұл үдерісті стандарттап, халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.
