Freedom Inside '26

Қарашаның аяғында ауа райы қандай болады?

Қарашаның аяғында ауа райы қандай болады?
Dalanews.kz коллажы

Синоптиктер үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Антициклон әсерінен ел аумағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек солтүстік және шығыс өңірлерде кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады.

Елдің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. 29 қарашада түнгі уақытта солтүстік өңірлерде ауа температурасы 8-13°С-қа дейін, ал оңтүстік өңірлерде 2-7°С-қа дейін төмендейді.