9 қаңтарда ауа райы қандай болады?

Көркем Алдабергенова 09 қаң. 2026 07:30

8–10 қаңтар аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райына антициклон әсер етеді. Осыған байланысты елдің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның батысы, солтүстік-батысы және солтүстігі атмосфералық фронттардың әсерінде қалады. Бұл өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Елдің солтүстігінде қар жауып, төменгі боран соғады деп болжанып отыр. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Алдағы күндері еліміздің барлық өңірінде ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:

Батыста түнде 8° аяз – 5° жылымыққа дейін, күндіз 3° аяз – 8° жылымық;

Солтүстік-батыста түнде 5–20° аяз, күндіз 8° аяз – 1° жылымық;

Солтүстікте түнде 7–15° аяз, күндіз 2–10° аяз;

Орталықта түнде 5–15° аяз, күндіз 0–6° аяз;

Шығыста түнде 10–20° аяз, күндіз 2–13° аяз;

Оңтүстікте түнде 7° аяз – 2° жылымық, күндіз 1–14° жылымық;

Оңтүстік-шығыста түнде 0–8° аяз, таулы аймақтарда 13–18° аяз, күндіз 3–12° жылымық, таулы өңірлерде 3° аяз – 2° жылымық күтіледі.

Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолға шығатын азаматтарды сақтық шараларын сақтауға шақырады.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар