«75 хат» ісі: Қамшыбек Ташиев ақталатынына сенімді

«75 хат» ісі: Қамшыбек Ташиев ақталатынына сенімді
24.kg

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев өзіне қатысты қозғалған іс бойынша ақталатынына сенімді екенін мәлімдеді. Бұл туралы оның адвокаты Икрамидин Айтқұлов Бішкек қалалық сотындағы жарыссөз барысында айтқан сөздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Адвокаттың айтуынша, Ташиев өзіне тағылған айыптардың негізсіз екенін айтып, түптің түбінде әділ шешім шығатынына сенетінін жеткізген.

«Ол міндетті түрде ақталатынын айтты. Бүгін болмаса, ертең ақталады. Өйткені ешқандай заңсыз әрекет жасаған жоқ», – деді Айтқұлов.

Сондай-ақ қорғаушы бұл қылмыстық істі қолдан жасалған деп санайтынын мәлімдеді. Оның пікірінше, іс бойынша айыпталған тұлғаларды жауапқа тарту заң талаптарына қайшы жүргізілген.

Бүгін, 10 қыркүйекте, Бішкек қалалық сотында «75 хат» ісі бойынша үкім шығарылады деп күтілуде. Күннің бірінші жартысында тараптардың жарыссөзі аяқталды. Үзілістен кейін іс бойынша барлық айыпталушыға соңғы сөз айту мүмкіндігі беріледі. Одан кейін судьялар шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кетеді.