Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) бүгін, 2025 жылы 22 қыркүйекте Атырау облысында зейнетақы жинақтарын қылмыстық жолмен алудың ауқымды схемасына қатысты тың мәліметтерге ие видеомен бөлісті, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Видеода ҚМА БЖЗҚ-дан заңсыз шығарылған ақшаға сатып алынған элиталық автокөліктерді көрсетеді. Олардың қатарында мынандай маркалар бар:
- Mercedes-Benz G63,
- BMW XM 50E,
- BMW X7,
- Cadillac Escalade,
- BMW 7 Series,
- Mercedes-Benz GLS 450,
- Porsche Taycan,
- BMW X5,
- Toyota Land Cruiser 200,
- Lexus ES 300h және т.б.
"Жалпы, 200 млрд теңгеден астам қаржы айналымнан шығарылған ((БЖЗҚ-дан – шамамен). Ол үшін жалған клиникалар мен 226 "дроппер" пайдаланылған. Зейнетақы салымшыларының ақшасына күдіктілер жалпы құны 600 млн теңгеден асатын 15 қымбат автокөлік, сондай-ақ зергерлік бұйымдар, коммерциялық нысандар, пәтерлер мен жер телімдерін сатып алған", деп еске салады агенттіктің баспасөз қызметі.
ҚМА қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздеу жұмыстары әлі жүріп жатқанын атап өтті.
Айта кетсек, 2025 жылғы 11 қыркүйекте қазақстандықтар тіс емдету үшін БЖЗҚ-дағы белгілі межеден артық жинаған ақшасын пайдалана алмайтыны белгілі болды. "Отбасы банкі" 15 қыркүйектен бастап Қазақстанда стоматологиялық қызметтерге ақы төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтініштерді қабылдаудың тоқтатылғанын хабарлады. 15 қыркүйекте ҚМА жалған стоматологиялық қызмет бойынша ауқымды қылмыстық схеманың беті ашылғанын мәлімдеді. Агенттіктің мәліметінше, БЖЗҚ-дан 30-дан астам жалған стоматологиялық клиника мен 226 дроппердің көмегімен 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.