Сапар барысында халық қалаулысы жылу электр орталығындағы бірқатар мәселені анықтады. Оны уақтылы шешпеген жағдайда, қала тұрғындары қыста жылусыз қалады. Биыл мамырда 1-ші, 3-ші және 4-ші қазандықтарды жөндеу жұмысы басталды. Бұл жұмыс 15 қыркүйекте аяқталуы тиіс.
– Мердігер «Идиго принт» ЖШС-ның қызметіне қатысты көп сұрақ туындап отыр. Жөндеу жұмысын небары 4 адам жасап жатыр. Бұл – жеткіліксіз. Компанияның тек қарапайым қазандықтарды жөндеу тәжірибесі бар. Ал мұндағы жұмыс ауқымы едәуір үлкен. Тағы бір маңызды мәселе – ЖЭО шатырының апаттық жағдайы. Жабдықтар ұзақ уақыттан бері жаңартылмай келді. Жылу желілерінде тек гидравликалық сынақтар жүргізілді. Бір сөзбен айтқанда, мұнда бей-берекетсіздік белең алып отыр, – деді Бауржан Смағұлов.
Депутат ЖЭО-ны жаңғырту мәселесін өз бақылауына алатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысында жалпы 247,3 шақырым жылумен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңғырту, 320 шақырым электрмен жабдықтау желілерін күрделі жөндеуден өткізу және қайта жаңғырту, 110,8 шақырым су бұру желілерін және тағы басқаларды күрделі жөндеуден өткізу және реконструкциялау жоспарлануда. Бұған қоса, 2027 жылға қарай 109 ауылдық елді мекенде су тазартатын блок-модуль кешендері орнатылады, 10 елді мекен газбен қамтамасыз етіледі.