Freedom Inside '26

6 қаңтарда ауа райы қандай болады?

6 қаңтарда ауа райы қандай болады?
sputnik

Алдағы тәулікте Қазақстан аумағына Жерорта теңізі аймақтарынан келген циклонның әсері сақталады. Осыған байланысты елдің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Dalanews.kz.

6 қаңтарда оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашынның мол түсуі болжанады.
Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Елдің батысында түнде ауа температурасы 1–9° аязға дейін төмендеп, күндіз 1° аяздан 6° жылуға дейін көтеріледі.

Орталық өңірлерде суық сақталады: түнде 12–20° аяз, күндіз 7–14° аяз.

Оңтүстікте түнде 1–8° аяз, күндіз 5° аяздан 3° жылуға дейін.

Оңтүстік-шығыста түнде 0–5° аяз, таулы аймақтарда 10–15° аяз, күндіз 3° аяздан 4° жылуға дейін, таулы өңірлерде 6–11° аяз күтіледі.

Шығыс өңірлерде түнде 7–15° аяз, күндіз 6–12° аяз болжанады.