4 млрд теңге ұрлап, Грузияға қашқан күдікті елге жеткізілді

Сағыныш Сардарова 10 сәу. 2026 10:23

Аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған күдікті Грузиядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, тергеу барысында күдікті компания басшысы болғанына қарамастан, адамдармен алдын ала сөз байласып, қаражатты ұрлау мақсатында мемлекеттік сатып алу нормасын қолданбай, спутник және телекоммуникация жабдығын жалға алудың заңсыз шартын жасағаны анықталған.

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан "Транстелеком" АҚ арқылы мемлекетке 4 миллиард теңгеден аса шығын келген.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты халықаралық іздеу жарияланған. Наурызда ол Грузия аумағында ұсталып, Қазақстанның Бас прокуратурасының сұрауы бойынша экстрадицияланды. Күдікті тергеу изоляторына қамалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove