27 қыркүйекте мұнай және валюта бағамдары қалай өзгерді

Кәмшат Тілеухан 27 қыр. 2024 11:38 2953

Мұнай бағасы бейсенбіде сәл төмендеді. Халықаралық сарапшылар оған Сауд Арабиясының өндірісті ұлғайту жоспарына қатысты ақпарат түрткі екенін айтады. Сол секілді бағаның құбылуына Ливиядағы аз-ахуал да әсер еткен,деп хабарлайды Dalanews.kz.

Лондондағы ICE Futures биржасында қараша айындағы Brent маркалы мұнайдың бір баррелінің құны 71,92 долларды құрады, бұл - алдыңғы күнгі нарықтағы бағадан 2,1%-ға төмен. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) сауда-саттық кезінде WTI мұнай келісімшарттарының қараша айындағы бір баррелінің бағасы 68,19 долларға дейін, яғни 2,15%-ға төмендеді.

Сауд Арабиясы мұнайдың бір баррелі 100 доллар деген мақсатты көлемнен бас тартуға және өндірісті ұлғайтуға дайын, деп жазады Financial Times өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып.

Мәселен,Brent маркасындағы мұнайдың бір баррелінің орташа бағасы 2022 жылы 99 долларды құраса, қазіргі уақытта ол 72 доллармен саудаланып жүр. Ал 2025-2027 жылдарға арналған ҚР бюджеті орташа бағаға сүйене отырып, 75 доллармен есептелген. Егер саудиялықтар, шынымен де, FT жазғандай, "мұнай бағасын төмендетуге келіссе" және өндірісті арттыруға дайын болса, демек олар нарықтағы үлесін жоғалтпауға тырысады. Бұл бағаның одан әрі төмендеуіне әкеліп соғуы мүмкін. Әрине, бұл өз кезегінде Қазақстан үшін жағымсыз жаңалық.

Бұл - мұнайға қатысты бүгінгі ақпарат. Ал валюта бағамдары туралы мәлімет келесідей: ҚР Ұлттық банктің ресми мәліметі бойынша, 27 қыркүйекте доллар бағамы – 478,54 теңге, евро – 533,76 теңге, рубль – 5,17 теңге болып бекітілді.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:

Астана

1 АҚШ доллары:

Сату – 477 теңге, сатып алу – 481 теңге

1 Евро:

Сату – 529 теңге, сатып алу – 535 теңге

1 рубль:

Сату – 5,13 теңге, сатып алу -5,23 теңге

Алматы

1 АҚШ доллары:

Сату - 478,8 теңге, сатып алу – 479,8 теңге

1 Евро:

Сату – 532,2 теңге, сатып алу – 535,5 теңге

1 рубль:

Сату – 5,15 теңге, сатып алу -5,19 теңге

Шымкент

1 АҚШ доллары:

Сату - 479 теңге, сатып алу – 480 теңге

1 Евро:

Сату – 534 теңге, сатып алу – 536 теңге

1 рубль:

Сату – 5,14 теңге, сатып алу -5,16 теңге

(ақпарат Астана уақыты бойынша сағат 11-00-де kurs.kz сайтынан алынды әрі бұл арада баға валюта сатушы тараптың негізінде көрсетілген)


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар