Freedom Inside '26

27 қаңтар: кей өңірде жылымық, кей аймақта аяз күшейеді

27 қаңтар: кей өңірде жылымық, кей аймақта аяз күшейеді
Синоптиктер 27 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
 
Қазгидромет мәліметінше, ел аумағында ауа райы әркелкі қалыптасады, ал кейбір өңірлерде жылымық байқалса, енді бір аймақтарда аяз күшейе түседі:
 
Циклонның ықпалымен оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде ауа температурасы біршама жоғарылайды: түнде 0-7°С-қа дейін, таулы аудандарда –7–15°С шамасында болады, күндіз +1+4°С-қа дейін көтеріледі. Бұл аймақтарда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін.
 
Солтүстік және орталық облыстарда ауа температурасы түнде –20–30°С-қа дейін төмендеп, аяз сақталады. Күндіз –10–15°С шамасында болады, кей жерлерде қар жауып, боран соғуы ықтимал.
 
Батыс өңірлерде түнде ауа температурасы –15–25°С-қа дейін, солтүстік-батыста –20–30°С-қа дейін төмендейді. Бұл аймақтарда жел күшейіп, тұман түсуі мүмкін.
 
Синоптиктер ауа райының құбылмалы болуына байланысты жолға шығатын азаматтарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.