2026 жылдан бастап салықтан босатылатын арнайы техникалар тізімі жарияланды

2026 жылдан бастап салықтан босатылатын арнайы техникалар тізімі жарияланды
primeminister.kz
Ауылшаруашылығы министрлігі салықтан босатылатын көлік құралдарының тізімін бекітті. Осы сипаттағы бұйрыққа 2025 жылғы 18 қыркүйекте қол қойылды. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп ...
Ауылшаруашылығы министрлігі салықтан босатылатын көлік құралдарының тізімін бекітті. Осы сипаттағы бұйрыққа 2025 жылғы 18 қыркүйекте қол қойылды. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп жазады Dalanews.kz.

Сонымен ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруші, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары мен мүшелері сипатындағы заңды тұлғалардың өз ауылшаруашылығы өндірісінде қолданатын, бірақ салық салуға жатпайтын арнайы көлік құралдарының тізіміне мыналар жатады:

 
  • сүт пен су тасымалдауға арналған цистерналары бар ауылшаруашылығы мақсатындағы көліктер;
  • ветеринариялық қызметтің автокөліктері мен автозообиологиялық зертханалары;
  • жем таситын, жүк тиейтін, жанар-жағармай таситын көліктер;
  • тыңайтқыш себетін және ұшақтарға химикаттар тиеуге арналған машиналар;
  • шөп қаттайтын, жем шашатын арнайы техникалар;
  • өзі жүретін дестелегіш;
  • ауыл шаруашылығына арналған АН-2 ұшағы;
  • астық оратын, жем-шөп жинайтын және өзге де арнайы комбайндар;
  • тракторлар, өзі жүретін шөп шапқыштар;
  • ауылшаруашылығы техникасын жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған машиналар.
  • саман жинайтын техника;
  • қазып, теріп, оруға арналған комбайндар (картоп, қызанақ, жасыл бұршақ, мақта және өзге де ауылшаруашылығы өнімдері).

Осылайша, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған арнайы техника түрлері салық салуға жатпайды деп танылады.

Бұған дейін 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап өз күшіне енетін жаңа Салық кодексі бойынша арнайы салық режимі – жеңілдетілген декларация негізінде жұмыс істей алатын және тыйым салынған қызмет түрлерінің тізімін жариялаған болатынбыз.