2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша ел экономикасының жылдық өсімі қаңтардағы 3,8%-бен салыстырғанда 5,4% пайызға үдеді. Мұндай өсімнің локомотивтері тау-кен секторы (4,1%, жылына), өңдеу өнеркәсібі (8,9%, жылына), сондай-ақ сауда-саттық (6%, жылына) болды, бұл үш сектор өсімінің ЖІӨ-дегі жиынтық үлесі 40%-дан асады. Бұл туралы Halyk Finance талдау орталығының басшысы Мәдина Қабжалалова өз шолуында айтады, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Жоғары өсімді көрсеткен басқаларына құрылыс (12,8%, жылына), тасымал және қойма (21,3%, жылына) салалары жатады. Ауыл шаруашылығында 2024 жылғы рекордтық екі таңбалы көрсеткіштерден кейін жыл басынан бері біршама баяулау байқалады (қаңтарда - 3,8% және ақпан айында - 3,2%).
"Біз 2025 жылы экономикалық өсім бойынша алдағы болжамымыздағы 5,3% деңгейін өзгертпей, бұл жолы да сол көрсеткішті ұстанамыз. Мұндай өсімге жоспарланып отырған мұнай өндірісі көлемін арттыру, фискалдық ынталандыру және ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қолдау көрсетуі тиіс", - дейді сарапшы.
Оның айтуынша, 2025 жылды Қазақстан экономикасы баяулап бастады: қаңтарда жылдық қысқа мерзімді экономикалық индикатор 4,5%, ал ЖІӨ-нің жылдық жалпы өсімі 3,8% деңгейінде қалыптасты, ал бұл көрсеткіш ақпан айында (+1,6 п. т.) 5,4%-ға дейін өсті.
Ең жақсы өсім қайта өңдеу саласында тіркелді: қаңтардағы жылдық 3,7%-дан 8,9%-ға дейін үдеді. Бәлкім, мұндай елеулі өсім машина жасау (2025 жылы екі айда 18,2%), сондай-ақ, азық-түлік өндірісі (2025 жылы екі айда 13,1%) салаларындағы өсіммен байланысты болуы мүмкін. Металл бұйымдарының өндірісі ағымдағы жылдың алғашқы екі айында 21,1%-ға өсті.
Сонымен қатар осы санатқа қайта өңдеу өнеркәсібі саласындағы 41%-ды құрайтын барлық металлургиялық өндіріс немесе үлесі мардымсыз тек дайын металл бұйымдар өндірісі кіреді ме, ол жағы түсініксіздеу.
Тау-кен секторы өсімі жағынан өткен жылғы баяу, тіпті теріс динамикадан кейін рекорд көрсетті: ағымдағы жылдың қаңтар айындағы өсімі - 1,3%. Бұған 2024 жылы қаңтар-ақпан айларындағы 15,1 млн тоннамен салыстырғанда 2025 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы 15,6 млн тонна болған мұнай өндірісінің көлемі дәлел. Сондай-ақ металл кендері өндірісі де артты (3,5%), оның үлесі тау-кен өндірісінің 20%-ын құрайды. Ақпан айында айтарлықтай артқан мұнай өндірісінің көлемі ОПЕК-тің тәулігіне 279 мың баррель өндіру туралы жоспарында белгіленген шектен асып түсті. Сондықтан наурыз айында, ОПЕК + міндеттемелері бойынша мұнай өндірісі көлемі төмендейді, бұл тау-кен секторының және өнеркәсіптердің даму қарқынына теріс әсер етуі мүмкін.
2024 жылдың қорытындысы бойынша қаңтар айындағы сауда-саттық өсімі қарқынының 9,1%-дан 3,9% -ға дейін күрт төмендеуіне байланысты сауда саласы өндірісті ұлғайта бастады, қаңтар-ақпан айларының қорытындысы бойынша оның өсімі 6% -ды құрады. Көтерме-бөлшек сауда саласындағы динамика әлі белгісіз, астық, тұқымдар мен мал азығын, фармацевтикалық тауарларды, автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдары саудалаушы көтерме сауда кәсіпорындарының жоғары үлесі ғана атап көрсетіледі.
Құрылыс және көлік салалары тұрақты өсім ие: сәйкесінше жылына 12,8% және 21,3% деңгейінде, тіпті өткен жылдарғы динамикадан асып түседі. Ауыл шаруашылығындағы өсім жылдық сипатта 3,2 %ды құрады (2025 жылдың қаңтарында – жылдық өсім 3,8%), бұл былтырғы екі таңбалы қарқыннан әлдеқайда төмен.
"Біз 2025 жылдың аяғында экономикалыө өсім бойынша алдындағы болжамымыздағы 5,3% деңгейінде бұл жолы да қала береміз. Бұл арада мұнай бағаларының төмендеуі, ақша-кредит шарттарының қатаңдауы, яғни 7 наурызда инфляция алды күту тәуекелдерінің жоғары екенін ескере отырып, Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бірден 1,25 базистік пунткке көтеріп, 16,5% деңгейінде бекіту сипатында бағалар өсімін тежейтін факторлар есепке алынды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мұнай өндірісі көлеміне қатысты әлі нақтылық жоқ. Теңіз кен орынында Келешек кеңейту жобасын сынақтан өткізу, осылайша мұнай өндірісі көлемін ұлғайту мен ОПЕК+ алдындағы шектеу бойынша міндеттемелер туралы бір мезеттегі жаңалықтар аясында мұның бәрі биылғы жылғы экономикалық өсім қарқынын тежеуі мүмкін деп қауіпті тудырады", - дейді Мәдина Қабжалалова.
Бұған дейін сайтымызда Еуразиялық даму банктің болжамын жариялап, 2028-2029 жылдары Қазақстанның ең жоғары табысты елдер тобына кіруі мүмкін екенін жазғанбыз.