2028-2029 жылдары Қазақстан ең жоғары табысты елдер тобына кіреді - ЕАДБ

Кәмшат Тілеухан 13 нау. 2025 10:42 230

Қазақстан 30 жыл барысында экономикада айтарлықтай жетістіктерге жетті (1995 жылдан 2024 жылға дейін), деп есептейді Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ). Осы кезең аралығына елдің нақты жан басына шаққандағы өсімі (ЖІӨ) үш есе өскен. 2023 жылдың қорытындысы бойынша экономикасы 1,8 есе өскен Қазақстан жалпы әлем елдерін басып озды: дамыған елдерден 1,7 есе, дамушы экономикалардан 2,6 есе, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Тек 1995-2024 жылдары ЖІӨ көлемі 4,7 есе өскен Азиядағы дамушы экономикалар ғана жоғары өсімді тіркеді (ХВҚ классификациясына сәйкес, оларға Азия-Тынық мұхиты және Оңтүстік Азия елдері, соның ішінде Қытай, Үндістан, Индонезия кіреді)

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) және Дүниежүзілік банк (ДБ) жалпы әлем бойынша 2024 жылғы бағалауларды әлі жарияламағанын баса айта кетелік.

Экономикалық өсім әлеуметтік ахуалды жақсартты. 1995 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 11 жылға өсті (75 жасқа дейін), жұмыссыздық деңгейі шамамен 6 базистік пунктке төмендеді (4,8% дейін), ең өткір дерлік кедейшілік белгілері жойылды, мысалы, 2017 жылғы сатып алу қабілетінің паритеті бойынша күніне 2,15 долларға өмір сүретін халықтың үлесі (2024 жылғы бағаларда 480 теңге) 2001 жылғы 12,8%-дан қазіргі таңда нөлге теңестірілді. Негізінен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының классификациясында бұл - "экстремалды" деп саналатын кедейшілік деңгей. Бұл дәрі-дәрмектер мен медициналық көмектің созылмалы жетіспеушілігімен байланысты.

Қазақстан маңызды белеске жақындады. Алдағы жылдары Қазақстан Дүниежүзілік банк классификациясы бойынша ең жоғары табысты (HICs) экономикалар қатарына енуі мүмкін. Қазіргі уақытта Қазақстан табысы орташадан жоғары ел болып саналады. Бұл топқа жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табысы (ЖҰӨ) 4,5–14 мың доллар аралығын қамтитын экономикалар жатады, бірақ топтардың арақашықтығы инфляцияны қайта есепке алу мақсатында жыл сайын қайта қаралып отырады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жан басына шаққандағы ЖҰӨ деңгейі 10,7 мың долларды, ал 2024 жылдың қорытындысында, Еуразиялық даму банкінің бағалауы бойынша, 11,5 мың долларды құрайды.

"Халықаралық инфляцияның" индикаторы ретінде валюталары SDR (ХВҚ-ның есеп айырысу валюталары) себетінде ұсынылған АҚШ, Қытай, еуроаймақ, Жапония, Ұлыбритания экономикаларының ЖІӨ дефляторларының орташа өсімі пайдаланылады.

Қазақстанның 2028-2029 жылдары HICs құрамында болу ықтималдығы жоғары. Бұл жайында 2025-2030 жылдарғы жан басына шаққандағы ЖҰӨ траекториясын болжауға мүмкіндік беретін ЕАДБ-дың толықққанда макроэкономикалық бағалауларында айтылады. HICs тобының төменгі шегі бойынша болжам ХВҚ-ның валюталары SDR-ге негізделген елдердегі инфляция бойынша жасалған болжамдардан құралады.  

Қазақстанның неғұрлым жоғары табысты елдер тобына өтуіне ықпал ететін факторлар. Елдің басымдық беретін тұстары – экономиканы әртараптандыру және инвестициялық тартымдылықты арттыру.

Ол үшін негізгі инфрақұрылымдарды және әлеуметтік саланы дамыту жөніндегі мемлекеттік деңгейде қолға алынған маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, 2024 жылы өңдеу салаларында жалпы сомасы 1,3 трлн теңгенің 180 инвестициялық жобасы іске асырылды.Нәтижесінде сектор өсімі шамамен 6%-ды құрады, бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп нақтылайды ЕАДБ. Қайта өңдеуөнеркәсібінің ЖІӨ-дегі үлесі 2015-2019 жылдардағы орташа мәнмен салыстырғанда соңғы төрт жылда орташа есеппен 1,7 п. п. өсті. 2015-2019 жылдары орта есеппен көрсеткіші нөлдің маңында болған  машина жасау саласының өндірісі 2019-2024 жылдары орта есеппен 3 п. п. дейін ұлғайып, ерекше көзге түсті.

Билік экономиканы ырықтандыру, экономикадағы мемлекеттің қатысуын қысқарту және инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар құру турасында ауқымды реформалар жүргізуде. Инвестициялар жасауға перспективалық бағыттар өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен, көлік және логистика болып қала бермек. Инвестициялық жобаларды қолдау үшін Үкімет ШОБ және ірі бизнеске көмектесу көрсету науқанын бастады, оның шеңберінде жыл сайын 50 мың жобаны қолдау және қаржыландыруды 2027 жылға қарай 10 трлн теңгеге дейін ұлғайту жоспары бар. Бұл шаралардың барлығы экономикалық өсім мен деңгейдің жоғарылауы үшін берік негіз қалыптастырады, делінген Еуразиялық даму банкі болжамында.

Сондай-ақ, ЕАДБ Қазақстан үшін жоғары деңгейдегі табысты елдер тобына өту қандай мүмкіндіктерге жол ашатынын да атап көрсетті:

  • Елдің экономикалық дамудағы жетістіктерін халықаралық тұрғыда мойындау шетелдік серіктестер алдында Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады.  Бәсекеге қабілеттілік - WEF рейтингіне енетін үздік 30 елдің көбісі (Малайзия және Қытайды есептемегенде) жоғары кірісті экономикалар болып табылады;
  • Экономиканың ұзақ мерзімді тұрақтылығын арттыру. Табысы жоғары елдер, әдетте жағымсыз экономикалық күйзелістер мен дағдарыстарда берік келеді. Бұл заңдылық эмпирикалық түрде расталған (Chavas, 2024);
  • Арзан қаржы көздеріне қол жеткізу. Инвестициялық тартымдылық пен экономикалық тұрақтылықтың өсімі несиелік рейтингтер көрсеткішін жақсартады. Қазақстанның табыс деңгейі жоғары елдер тобына ауысуы кезінде несиелік балл "upper medium" инвестициялық деңгейіне дейін көтерілуі мүмкін (қазір – «lower medium»). Бұл инфрақұрылым және өнеркәсіптерге инвестицияны сыртқы капиталдан тартуды жеңілдетеді;
  • Экономикалық өсу модельдері өзгереді (World Bank-ке қараңыз (2024) және Gill & Kharas (2015)). Басымдықтардың ішінде өндірістегі халықаралық мамандандыруды дамыту сияқты бағыттар қамтылады.

Бұған дейін сайтымызда "Қазақстан қалай орта держава атанып жүр" деген мақала жарияланған болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар