Алдағы күндері Қазақстан аумағындағы ауа райына екі түрлі атмосфералық құбылыс әсер етеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Елдің батысы мен оңтүстігінде оңтүстік циклонның ықпалынан жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +27…+35 градусқа дейін ысиды.
Ал солтүстік, шығыс және орталық аймақтарға суық антициклон әсер етеді. Түнгі уақытта кей жерлерде 1-6 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Күндіз ауа температурасы +20…+30 градус аралығында болады.
Синоптиктер республика бойынша жел күшеюі мүмкін екенін ескертті. Оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл көтерілуі ықтимал.