2024 жылғы ЖІӨ өсімі 4,8%-дан 5%-ға дейін арттыру тұрғысында қайта қаралды - ҰЭМ

Кәмшат Тілеухан 01 там. 2025 11:47

Ұлттық экономика министрлігі 2024 жылғы қорытынды бойынша ЖІӨ өсімі 4,8%-дан 5%-ға дейін арттыру тұрғысында қайта қаралғанын мәлімдеді. Өсімнің басты драйвері мұнайға жатпайтын сектор болды: өңдеу өнеркәсібі 6,8%-ға,құрылыс секторы 15,3%-ға,ауыл шаруашылығы 13,7%-ға артты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жлдың қорытындысы бойынша тауар өндірісі 6,3%-ға артып (алдын ала дерек -5,5%), қызмет көрсету секторы 4,6% өсімді көрсетті. Өзекті фактордың бірі өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемінің 6,8%-ға (бұрын -5,9%) өсуі болды. Бұл - 2011 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.

Құрылыс секторы 15,3%-ға (бұрын - 13,1%), ауыл шаруашылығы 13,7%-ға (бұрын - 13,3%) айтарлықтай үлес қосты.

Байланысты салалар да оң серпін көрсеткен. Ішкі сауда көлемі 8,9%-ға (бұрын - 8,8%), көлік пен қоймалау қызметі 9,4%-ға (бұрын - 8,5%) артты.

"Қол жеткізілген нәтиже нақты секторды қолдау, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, инвестициялық белсенділікті ынталандыру мен қаржы құралына қол жеткізуді арттыру шарасының арқасында жүзеге асты. Экономикалық саясатты кешенді іске асыру ішкі сұранысты нығайтуға, кәсіпкерлік белсенділіктің өсуіне, өндірістік әлеуетті арттыруға ықпал етті. Осылайша, маңызды салалардағы, әсіресе, тау-кен өнеркәсібінің (12%) үлесінен аса ЖІӨ-нің 12,4%-ын өңдеу өнеркәсібі көрсетіп, осы оң серпін есебінен экономиканың одан арғы орнықты өсімі мен әртараптандырылуына негіз жасалды", деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрлігі.

Бұған дейін 2024 жылғы ЖІӨ өсімі 5% құрағанын жазған болатынбыз.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар