2024 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында "ҚазТрансОйл" АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен 33 млн 653 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылдың 9 айына қарағанда 1 млн 237 мың тоннаға артық, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Елдегі мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2023 жылдың ұқсас кезеңінің көрсеткіші деңгейінде сақталып 13 млн 93 мың тоннаны құрады. Атырау мұнай өңдеу зауытына 4 млн 404 мың тонна мұнай, "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-ға 4 млн 132 мың тонна мұнай, Павлодар мұнай-химия зауытына 3 млн 937 мың тонна мұнай, "CASPI BITUM" БК" ЖШС-ға 621 мың тонна мұнай жеткізілді.
"Өзен – Атырау - Самара" магистральдық мұнай құбырының "Атырау - Самара" учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7 млн 424 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың 9 айының көрсеткішімен салыстырғанда 125 мың тоннаға артық.
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан "ТОН-2" мұнай құбыры учаскесі бойынша 8 млн 725 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылдың 9 айының көрсеткішімен салыстырғанда 401 мың тоннаға артық.
"Атасу - Алашаңқай" магистральдық мұнай құбырына 8 млн 361 мың тонна мұнайды ауыстырып тиеу жүзеге асырылды. 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 77 мың тоннаға төмен.
"Каспий Құбыр Консорциумы-Қ" АҚ жүйесіне мұнайды ауыстырып тиеу көлемі 3 млн 347 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың 9 айының көрсеткішінен 1 млн 225 мың тоннаға артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ-тың қуаттарын пайдалана отырып, Ақтау портында танкерлерге мұнай құю 2 млн 556 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың 9 айының көрсеткішімен салыстырғанда 71 мың тоннаға артық.
Магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы мұнайдың жүк айналымы жеке "ҚазТрансОйл" АҚ бойынша 26 млрд 197 млн тонна-километрді құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 1 млрд 45 млн тонна-километрге артық.
"ҚазТрансОйл" АҚ мұнайының шоғырландырылған жүк айналымы 33 млрд 300 млн тонна-километрді құрады, бұл 2023 жылдың 9 айына қарағанда 1 млрд 63 млн тонна-километрге артық.
"Қазақстан-Қытай құбыры" ЖШС мұнай құбырлары жүйесі бойынша 13 млн 833 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 80 мың тоннаға төмен. Мұнай жүк айналымы 12 млрд 438 млн тонна-километрді құрады, бұл 2023 жылдың 9 айының нәтижесінен 94 млн тонна-километрге төмен.
"МұнайТас" СБҚК" ЖШС мұнай құбыры бойынша мұнай тасымалдау көлемі 4 млн 235 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңіндегі көрсеткіштен 248 мың тоннаға артық. Мұнай жүк айналымы 128 млн тонна-километрге артып, 1 млрд 734 млн тонна-километрге жетті.
"Батуми мұнай терминалы" ЖШҚ компанияларының тобы бойынша мұнайды, мұнай өнімдері мен газды ауыстырып құю көлемі 1 млн 463 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 250 мың тоннаға артық.
Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына "Астрахань - Маңғышлақ" су құбыры бойынша "Магистральдық Суағызғы" ЖШС 20 млн 511 мың текше метр тұщы су берді, 2023 жылдың 9 айымен салыстырғанда су жеткізу көлемінің төмендеуі 1 млн 527 мың текше метрді құрады.
Айта кетсек, "ҚазТрансОйл" АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың шақырым магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие.