Freedom Inside '26

2024 жылдың қорытындысы: Қазақстан қымбатшылық жағынан ЕАЭО елдерінен асып түсті

2024 жылдың қорытындысы: Қазақстан қымбатшылық жағынан ЕАЭО елдерінен асып түсті
business.olx.kz

Қазақстанда киім-кешек, аяқ киім және автокөліктер ЕАЭО елдерімен салыстырғанда ең жоғары қарқынмен қымбаттаған. 2024 жылдың қорытындысы бойынша (12 айда) Қазақстанда азық-түлікке жатпайтын тауарлар орта есеппен 8,3%-ға қымбаттап, Еуразиялық экономикалық одақтағы ең маңызды көрсеткіш ретінде тіркелді, деп жазады Dalanews.kz DATA HUB мәліметтеріне сүйене отырып.

Еуразиялық экономикалық комиссиясы жариялаған тауарлар тізбегінде біздің елдегі азық-түлікке жатпайтын өнімдердің біқатарының бірден қымбаттауы ЕАЭО елдері арасында бірден көзге түседі.

Сонымен ЕАЭО-дағы бағаның орташа қарқыны 4,1% болғанда Қазақстанда киім-кешек пен төсек жаймаларының бағасы 9,9%-ға өскен. 

Қазақстанда аяқ-киім бір жыл ішінде 11,4%-ға қымбатасса, бұл көрсеткіш ЕАЭО бойынша 4,8%-ды құраған. Балалар аяқ-киімі бойынша алшақтық одан да көп: бізде 13,3%, ал экономикалық одақта 3,6% өсім тіркелген.

Қазақстандық тұтынушылар үшін маталар 8,0%-ға қымбаттаса, бұл реттегі ЕАЭО бойынша орташа көрсеткіш -3,5%.

ЕАЭО бойынша жеңіл көліктер орташа есеппен 3,3%-ға қымбаттаса, ал біздегі бұл реттегі өсім 6,4%-ды құрайды. Сонымен қатар Арменияда, Беларусь елінде, Қырғыз Республикасында жеңіл көліктер, керісінше бір жыл ішінде біршама арзандады.

Жиһаз Қазақстанда 10,2%-ға, ЕАЭО-да 6,9%-ға қымбаттады.

Қазақстанда теледидарлардың қымбаттауы аномальды көрініс ретінде сиапатталды: біздегі баға өсімі 37,5%, ЕАЭО бойынша 5,3%.  

Бұған дейін сайтымызда "Инфляция болжамды көрсеткіштен асып түсіп, сарапшылар шу етті" деген мақала жарияланған болатын. Онда 2025 жылы қаңтардағы дерек бойынша, Қазақстандағы инфляция 8,9% құрағаны айтылады.Бұл цифр болжамды көрсеткіштерден де жоғары болып, сарапшылар дер уақытында шара қабылдамаған Ұлттық банкті айыптады. Ал Ұлттық банк елімізде тоқтаусыз өсіп жатқан тұтынушылық несие бұған себеп екенін айтады.