16 баланы азаптаған: Павлодарда балабақша қызметкері сотталды

16 баланы азаптаған: Павлодарда балабақша қызметкері сотталды
көрнекі сурет: Алматы әкімдігі

Павлодарда сот балабақша тәрбиешісіне үкім шығарды, ол 2-2,5 жастағы 16 баланы азаптағаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Айыптау тарапы айыпталушы балаларға жүйелі түрде зорлық-зомбылық көрсеткенін анықтаған.

Павлодар облысы прокуратурасы мәліметінше, тәрбиеші оларды ұрып-соғып, шашынан тартып, лақтырып, дене жарақатын келтірген.

Сот оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Дегенмен жазаны өтеу мерзімі кейінге қалдырылды. Сондай-ақ, тәрбиеші 3 жыл мерзімге педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.