15 жастағы қазақстандық футболшы “Барселона” клубымен келісімшартқа отырды

Қаракөз Амантай 02 сәу. 2026 09:57

Қазақстандық жас футболшы Кәрім Меңдіқанов Испанияның әйгілі "Барселона" клубымен келісімшартқа отырды. Бұл туралы испандық Mundo Deportivo басылымы мәлімдеді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

15 жастағы ойыншы клуб құрамына келесі маусымда қосылады. Осылайша, ол "Барселона" сапында ойын көрсететін алғашқы қазақстандық футболшы атануы мүмкін.

Кәрім 2022 жылы Испанияға көшіп, алғашында "Серданьола" клубында ойнады. Ал биылғы маусымда "Сант-Кугат" командасында негізгі құрамнан орын алып, оң қапталдағы ойынымен ерекшеленді. Мамандар оны жылдам әрі техникалық деңгейі жоғары футболшы ретінде бағалап отыр.

Жас ойыншыға Ла Лигадағы өзге клубтар да қызығушылық танытқанымен, ол "Барселонаны" таңдаған.

Енді қазақстандық футболшы алдағы маусымда жаңа командасында өнер көрсетіп, кәсіби мансабын жаңа деңгейге көтеруді жоспарлап отыр.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove