11 сәуірден бастап Қазақстанның футболына арналған коллекциялық монеталар сатыла бастайды

Кәмшат Тілеухан 08 сәу. 2025 17:20 630

Ұлттық Банк "Спорт" сериясынан "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" және "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" коллекциялық монеталары сатыла бастайтынын хабарлайды, деп жазады Dalanews.kz.

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" монеталарының 13 түрі әрқайсысы 7 000 данадан шығарылған. Олардың ішінде 5 000 монета жеке блистерде, 2 000 монета сувенирлік блистер жиынтығында ұсынылады.

2 000 данамен шығарылған сувенирлік блистер жиынтығы "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" 13 түрлі монетадан және бір дана "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫ" монетасынан тұрады.

Барлық монета мельхиор қоcпасынан (МН 25) жасалған, салмағы – 15 грамм, диаметрі – 33 мм, дайындау сапасы – brilliant uncirculated, номиналы – 200 теңге.

"ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФУТБОЛ КЛУБТАРЫ" монеталары:

 

Коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өздерінің белгіленген құнына сай төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдің барлық банкінде банктік шоттарға есепке алуға, аударуға, ұсақтауға және айырбастауға жататыны нақтыланады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар