1 АҚШ доллары - 497,95 теңге. Сарапшылар теңгенің тағы нығая түсетінін болжайды

Кәмшат Тілеухан 14 ақп. 2025 12:28 1219

Кеше, 13 ақпанда кешкісін қор биржасындағы сауда-саттықта сыртқы қолайлы жағдай мен ақпан айында салық кезеңінің басталуына байланысты ұлттық валютамыз одан әрі нығая түсті. Бейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының құны 497,95 теңгеге (-3,88 теңге) дейін төмендеді, ал сауда-саттық көлемі 311,7 млн доллардан (-22,3 млн) жоғары болды. Ең бастысы, сарапшылар теңгенің алда нығаюына әлі қолайлы жағдайлар бар екенін айтады. Яғни, доллар тағы арзандауы мүмкін, деп жазады Dalanews.kz.

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы теңгенің нығаюына өңірдегі геосаяси қауіп-қатердің төмендеуінің күтілуі, Ұлттық Банк операциялары шеңберінде шетел валютасын конверттеу (2024 жылғы ұқсас кезеңдегі 209 млн доллармен салыстырғанда 2025 жылы ақпанда 1,1 млрд долларды құрады) және нарық ойыншыларының фискалдық кезеңге алдын ала ертерек даярлануы айтарлықтай қолдау көрсеткенін айтады. 

"Ұлттық валютаның нығаю тұрғысындағы әлеуеті әлі өз күшіне ие. Өйткені алдан салықтарды төлеу үшін шетел валютасы түрінде түскен түсімдерді теңгеге айырбастау және Ресей рублінің де едәуір нығаюы күтіледі", - дейді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының сарапшылары.

Айта кетсек, ҚР Ұлттық банктің 14 ақпанға бекіткен шетел валюталары бойынша ресми бағамы: 1 АҚШ доллары – 497,88 теңге, евро – 518,59 теңге, рубль – 5,44 теңге деңгейінде бекітілді.

Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы ақша айырбастау пункттеріндегі валюталардың орташа бағамы төмендегідей:

Астана

  • 1 АҚШ доллары: сату – 496 теңге, сатып алу – 502 теңге.
  • 1 евро: сату – 517 теңге, сатып алу – 524 теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,4 теңге, сатып алу - 5,5 теңге.

Алматы

  • 1 АҚШ доллары: сату - 495,5 теңге, сатып алу – 500,5 теңге.
  • 1 евро: сату – 517,5 теңге, сатып алу – 522 теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,35 теңге, сатып алу - 5,51 теңге.

Шымкент

  • 1 АҚШ доллары: сату – 495 теңге, сатып алу – 498 теңге.
  • 1 евро: сату – 518 теңге, сатып алу – 523 теңге.
  • 1 рубль: сату – 5,4 теңге, сатып алу - 5,5 теңге.

Бұған дейін сайтымызда Халықаралық валюталар қорының, Дүниежүзілік банктің қаңтар айындағы Қазақстан экономикасына қатысты болжамдарын әрі соған шолу жүргізе отырып, Halyk Finance жасаған болжамдарды да жариялаған болатынбыз. Оған сәйкес, Halyk Finance жылдың ортасында 1 АҚШ долларының бағамы 535,6 теңге, жыл аяғында 555 теңге болады деп болжайды. Бұған сенсек, онда теңгенің қазіргі нығаюы уақытша құбылыс болуы ықтимал.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар