Әлеуметтік төлемдер енді 10 мың теңгеден төмен болмайды

Әлеуметтік төлемдер енді 10 мың теңгеден төмен болмайды
pixabay.com

Қазақстанда мерекелер мен атаулы күндерге берілетін төлемдердің ең төменгі шегі белгіленді, деп хабарлайды dalanews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін өңірлерде әртүрлі болып келген әлеуметтік көмекті біріздендірді. Енді біржолғы төлем 2,5 АЕК-тен төмен болмауы тиіс. 2026 жылы бұл – 10 812,5 теңге.

Бұған дейін төлем көлемі жергілікті бюджет мүмкіндіктеріне байланысты қатты өзгеріп отырған.

Сонымен қатар табысы төмен азаматтарға берілетін әлеуметтік көмек енді күнкөріс минимумына байланады.

«Күнкөріс минимумының өсуіне қарай көрсетілетін көмектің көлемі де автоматты түрде индекстеледі», – деп мәлімдеді министрлік.

Осылайша, әлеуметтік төлемдер жүйесі біріздендіріліп, азаматтарға берілетін көмектің тұрақтылығы қамтамасыз етіледі.