Осы мақсатта ауданда жеті ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Сайрамсу мен Қасқасу өзенінің бойында алты шағын су электр станциясы бой көтереді. Ал осы жылдың қыркүйек айында қуаттылығы 5 МВт, құны 1,5 млрд теңге болатын «Ақсу қуат» алғашқы су электр стансаның құрылысы аяқталатын болады.
Сонымен қатар биыл аудан орталығы Леңгір қаласында қуаттылығы 10 МВт болатын «ДСТО- Solar» күн электр стансасы мен Қасқасу ауылдық округінде қуаттылығы 5 МВт болатын «Сары-Айғыр Қуат» шағын ГЭС құрылысы басталады. Баламалы электр қуатын өндіру бойынша «ДСТО- Solar» жобасының құны 4 млрд теңге.
Бұл жобалардың барлығы іске қосылған жағдайда 30 МВт-қа жуық электр қуаты өндіріледі. Айта кетейік, бүгінде ауданның электрге қажеттілігі шамамен 20 МВт, қалғаны күн сайын электр қуатының қажеттілігі артып келе жатқан ауданның өндірістік даму бағытына пайдалану көзделуде.