Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылды

Dalanews 10 шіл. 2020 08:57 240

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы болып өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырды деп хабарлайды Dalanews.kz ақпарат агенттігі.

– Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында.


Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беруде. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x