ШҚО студенттері Worldskills Kazakhstan – 2021 чепионатында топ жарды

Dalanews 13 желт. 2021 05:59 281

1 қарша мен 10 желтоқсан аралығында елімізде Worldskills Kazakhstan-2021 дәстүрлі кәсіптік-техникалық мамандардың білігін шыңдайтын чемпионат өтті. Биыл чемпионатқа 17 аймақтан 450-ден астам жас мамандар қатысып, бақтарын сынады. Осы байқауда ШҚО-ның намысын қорғаған жас өрендер топ жарып, өздерінің біліктілігін көрсетті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Чемпионат барысында колледж студенттері 50 мамандықтың түрі бойыша сынға түсіп, өздерінің болашақ кәсбін қалай меңгергенін көрсетті. Шығыс Қазақстаннан барған студенттер 25 мамандық бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізіп, командалық есепте топ бастаған. Осылайша ШҚО жастары 13 жоғары мараптты қанжығаларына байлағанын айта кетуіміз керек.

ШҚО студенттері «Бизнестегі IT шешімдер», «Кірпіш қалау», Мейрамхана бизнесі»,  «Мехатроника», «Электроника», «Визуальді мерчандайзинг», «CAD инженерлік графика», «Мобильді робототехника», «Өздігмен ұшатын құрылғыларды басқару», «Мобильді қосымшаларды дайындау» бағыттары бойынша алдына қара салдырмағанын мақтанышпен айтуға болады. Бұдан басқа шығысқазақстандық жастар құрылыс, сылақ жұмыстары, дене шынықтыру және спорт, 3D моделдеу, компьютерлік ойындар, зертханадағы химиялық сараптама жасау, жүйелік әкімші, ветеринария салалары бойынша да өздерімен тең түсетін қарсылас жоқ екенін іспен дәлеледі.

– Біздің колледж жыл сайын чемпионатқа қатысуды әдетке айналдырған. Мен балаларды «визуальді мерчендайзинг мен витринистика» бағыты бойынша дайындадым. Алғашында облыс аумағында білімді студенттерді іріктеп, бүгін республикалық жарыста топ жарып отырған жайымыз бар. Алматыда өткен байқауда біздер «витринистика», «мейрамхана ісі», «қонақ үй ісі», «тігін ісі» бірінші орынға ие болып, жоғары көрсеткішке қол жеткіздік.  Алдағы уақытта жастардың біліктілігін арттырып, бұдан да биік белестерді бағындыруға күш салатын боламыз, – деді Өскемен қаласындағы Бизнес және қызмет көрсету колледжінің оқытушысы Александыр Белов.

Байрақты бәсекеде топ жарған студенттер алдағы уақытта 46-шы рет ұйымдастырылатын халықаралық WorldSkills Competition бәсекесінде еліміздің намысын қорғайтын болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x