ҚазҰУ Азия үздік университтерінің қатарында

Dalanews 03 мам. 2019 09:28 176

«Times Higher Education» (THE) беделді әлемдік рейтингінің зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстандағы жалғыз жоғары оқу орны ретінде Азия елдерінің 251-300 үздік университеттерінің қатарына енді.

Университеттер рейтингісін құру барысында келесі көрсеткіштер ескерілді: университеттердің ғылыми-білім беру қызметінің тиімділігі; оқытушылар құрамының және жүргізілетін зерттеулердің деңгейі; ғылыми мақалаларды жариялау және дәйексөз келтіру; халықаралық ынтымақтастық және басқалар.  

THE рейтингісінде Азияның 27 елінен 417 университет ұсынылған. Бірінші ондыққа Қытайдың бес университеті, Сингапур мен Оңтүстік Кореяның екі университеті мен Жапонияның бір ЖОО кірді. Бірінші орынды Цинхуа университеті, екінші орынды Сингапур ұлттық университеті, үшінші орынды Гонконг ғылым және технологиялар университеті иеленсе, рейтингте ең көп орынды Жапонияның 103 ЖОО-лары иеленді.



www.kaznu.kz

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x