Білім министрлігі ұстаздарға гүл сыйлауға тыйым салды ма?

Dalanews 07 нау. 2017 04:30 160

Білім министрлігі ұстаздарға гүл сыйлауға болмайды деген қаулы шығармаған. Бұл туралы вице-министр Эльмира Суханбердиева мәлім етті.

Ақпаратты Sputnik Қазақстан сайты таратты.

“Бұл сұрақ қазір көп ата-ананы алаңдатып отыр екен. Өйткені, министрлікке қоңырау шалып, сұрақ қойған ата-аналар көп болды. Бірақ, 8 наурыз мерекесіне орай, біздің құрметті ұстаздарға гүл сыйламасын деген қаулы болған жоқ, болмайды да, болған да емес. Қазір біз тиісті органдарға хат жіберіп, олардың аймағында сондай қаулы болды ма деген мəселені тексеріп жатырмыз. Ал, Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі бүкіл жергілікті органдарға, аудандық, облыстық білім басқармаларына мұндай қаулы жолдаған жоқ. Бұны ресми түрде мəлімдегіміз келеді”, — деді Суханбердиева бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, əлеуметтік желіде 8-наурыз мерекесіне орай қазақстандық ұстаздарға енді сыйлық жасауға, соның ішінде гүл сыйлауға болмайды деген ақпарат тараған болатын. Яғни, мұғалімдерге тарту етілген кез келген сыйлық пара болып есептеледі-міс.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x