Оңтүстікте қалдықтан цемент алудың технологиясы пайда болды

Dalanews 06 қаң. 2017 10:59 319

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің ғалымдары «Ашполиметалл» АҚ-ы аумағында түсті металл кеніштерін өндіру барысында пайда болған қалдықтардан композициялық цемент алудың технологиясын ойлап тапты, – деп хабарлайды «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ Баспасөз қызметі.

Жаңа технологияны дайындауға техника ғылымның докторы профессор Ж.Т. Әйменов жетекшілік жасаған.

Түсті металл кендерін өңдеуден пайда болған қалдықтарды пайдалануға қатысты ғылыми жоба құрылыс саласы мен өңірдің экологиялық мәселелерін реттеуге мүмкіндік туғызып отыр. Мамандардың есебінше, жаңа технологиямен өндірістік қалдықтарды өңдеу барысында 30 пайызға дейін портландцемент клинкерін алуға болады екен. Сонымен қатар ауға тарайтын СО2 30-40 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Технология Кентау қаласы маңында тау болып үйіліп жатқан өндірістік қалдықтарды иегеріп, экономикалық игілігін көруге мүмкіндік беретінін айта кетуіміз керек. Бүгінде мұнда 135 млн. тоннаға дейін өндірістік қалдықтар жиналып қалған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x