Жақиянов: "Қоғамдағы наразылық халықпен дұрыс сөйлеспеуден басталады"

Dalanews 10 мам. 2018 12:55 357

11391424_846837878729389_6465753304351797703_n2006 жыл. 15-ші қаңтар. Алматыдағы екінші вокзалға жиналған халық пойыз күтетін шағын алаңға сыймай, көпірге шығып кеткен. Полицейлер болса «көпір көтермей қалады» деп алаңдаулы. Олардың бәрі бір адамды күтіп тұр...

 Ол 2002 жылы түрмеге түсті. 7 жылға. 2009 жылы оның жазасын өтеу мерзімі аяқталды. Содан бергі 5 жыл ішінде оның мемлекеттік қызметке араласу құқы жоқ болатын. Міне, ол да аяқталды. 2015 жыл. 5 жыл өте шығыпты...

Ол әуел бастан «демократ» еді. «Дамыған бақытты елдердің жүрген жолдары ұқсас. Өйткені қай жерде болсын нарық пен демократия заңдары математика мен физика заңдары сияқты бірдей» дейтін.

Онымен араласқандар: «Турашыл, шыншыл, ойындағысын бүкпесіз айтатын адам» дейді. Алайда, мұндай баға бүгінге дейін талай адамға берілген болар. Кітаптарда, естеліктерде осылай жазылады. Өмірде естіп жүрген сөз...Бұған дәлел, мықты мысал керек.

Білетіндер айтады, Ғалымжан «помпезді» жиындарды ұнатпайды екен. Облысына бір мықты келсе, соған бола жол жапқызып, халықты тапжылтпай тұрғызып қоятын мінезі жоқ деседі.
Семейдің көлік жасайтын зауытында жұмыс істеп жүргенде Ғалымжанға (және оның айналасындағы жігіттерге) 7 ноябрь (Октябрь төңкерісі) мерекесіне байланысты зауыт жұмысшылары ұстап жүретін лозунгтерді жазу жүктелген екен. Тапсырманың қалай орындалғанын көргенде парткомның көзі атыздай болыпты. Бұл: «Қашанғы бізді СОКП билейді!», «Басшылардан өзгеріс сұраймыз!»  деген ұрандар болатын...

Мәскеуде оқып жүргенде оларды Кремльдің қақпасының қасына Брежнев пен Никарагуа жетекшісі Даниель Ортегоны қошеметтеуге жинайды. Екі лидерді бақандай 6 сағат күтеді, студенттер. Бір мезетте ағынды ЭСКОРТ жандарынан әуежайға қарай ағып өте шығады... 

Содан былай Ғалымжан жұртты «мәртебелі мейманның құрметіне» орынсыз тосқызғанды қаламайтын болыпты. «Президент, не басқалар келгенде көшені алдын ала жауып, халықты ренжітпейік» дейді екен. Өз еркімен әкім алдында жүретін жол полициясы көлігін де алып тастаған осы Ғалымжан деседі. Бірақ, оның бұл әрекеті өзге басшыларға үлгі болды ма? Одан кім үйренді және кім өзгерді?

Ол комсомол ұйымына өзгеріс жасамақ болады. Әміршіл-әкімшіл жүйе ол кездері күшінде. Мұндайлар аз еді сол тұстары.

Семейдің көлік жасайтын зауытында жұмыс істеп жүргенде Ғалымжанға (және оның айналасындағы жігіттерге) 7 ноябрь (Октябрь төңкерісі) мерекесіне байланысты зауыт жұмысшылары ұстап жүретін лозунгтерді жазу жүктелген екен. Тапсырманың қалай орындалғанын көргенде парткомның көзі атыздай болыпты. Бұл: «Қашанғы бізді СОКП билейді!», «Басшылардан өзгеріс сұраймыз!»  деген ұрандар болатын...

 Ол және 5 саяси реформа

6– Демократиялық таңдау қозғалысы Президентке қарсы емес еді, – дейді сол жылдары Ғалымжанның жанында жүрген топ.

«Олар басқарудағы қателікті көрді, стратегиялық кемшіліктерді аңғарды.

5 саяси реформаны жүргізуді алғаш ұсынған да Ғалымжан бастаған топ.

Бұл: тәуелсіз сот, әкімдерді сайлау, тәуелсіз БАҚ (сөз бостандығы), парламенттің өкілетін кеңейту және таза әрі әділ сайлау.

Жақиянов мұны Президентке жеткізем деген сенімде болған. Сол кезгі Үкіметбасы Тоқаев айтқандай, Ғалымжандар Президент билігіне қарсы келген жоқ».

 Ол неге елден кетті?

IMG_6638Жарайды, «билік сыйғызбас еді». Бұл бірінші кезекте ойға келетін, айтылуы тиіс себеп. Бірақ...сол кезгі оппозиция серкелерінің өзі Ғалымжанды бақталас санаған деседі. Оның мысы басып тұратын, бәрін де...

Тіпті, сол кезгі биліктің белді оппонентінің бірі (аты жұмбақ күйінде қалсын)  Жақияновқа: «Бұл жерден не сен, не мен кетемін. Бұл жер екеуімізге тар болады» деген-мыс. 

– Оны түрмеге жапқанда барынша қолдаған топ, абақтыдан босап шыққан соң одан теріс айналғандай болды, өзіне тартпады. Әйтпесе, ортадан бір орын ұсынса, Қазақстанда қалатын ба еді?! – дейді Жақияновтың жанашырлары. 

Білетіндердің айтуынша, абақтыдан босаған Ғалымжан сол кездегі «Әділетті Қазақстан» қозғалысына жетекшілік еткісі келген. Сондай ойы болған... Бірақ, бұған «көлденең» адамның киліккенін қозғалыстың президиум мүшелері тағы қаламаған. Кейін біраз басылымдар бұл тақырыпты қайта-қайта қозғап, отқа май құйды. «Жармахан бергісі келмеді» деген әңгімелер айтылды. Тұяқбайдың тобы өз кезегінде «Әбділдин мен Тұяқбай келіскенімен, Жүкеев пен Әбілевтер қарсы шықты» деді. Кім білген...
 «Республика бюджеті мұнай бағасына тәуелді болмауы керек. Мұнай бағасы тұрақсыз. Осы себепті біз сыртқы факторға тәуелдіміз. Ал ішкі фактордың рөлін арттыру үшін біз өз экономикамызды қалыптастыруымыз керек. Мұны отандық өндірушілердің есебінен жүзеге асыру қажет. Мұнайдан түскен қаржыны әлеуметтік саладан бұрын бизнеске бағыттайық. Қайтымы болады», – деді Ғалымжан. Айтқаны айдай келген жоқ па осы?

Ол «Голланд ауруын» анықтаған...

1997 жыл. 12 наурыз. Ол Стратегиялық ресурстарды бақылау агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.

«Осында отырғанда Жақиянов тым терең үңгіп кетті» деген сөз тегін болмаса керек. Агенттіктің тез таратылғаны да содан деседі.

«Ғалымжанның стратегиялық ресурстар саласындағы  кемшіліктерді анықтаған, билікке деген сын көзқарасы қалыптасқан тұс та осы кез» дейді.

Осы қызметте отырған азғана уақыттың ішінде ол біраз дүниенің басын ашты. Ол сол тұстары бюджет саясаты дұрыс жүргізілмейтінін айтқан алғашқы адам.

 «Республика бюджеті мұнай бағасына тәуелді болмауы керек. Мұнай бағасы тұрақсыз. Осы себепті біз сыртқы факторға тәуелдіміз. Ал ішкі фактордың рөлін арттыру үшін біз өз экономикамызды қалыптастыруымыз керек. Мұны отандық өндірушілердің есебінен жүзеге асыру қажет. Мұнайдан түскен қаржыны әлеуметтік саладан бұрын бизнеске бағыттайық. Қайтымы болады», – деді Ғалымжан. Айтқаны айдай келген жоқ па осы?

– Демократиясы дамымаған, халқы билікке ие болмаған елдерде қазба байлықтар билік басындағы топтың еншісіне тиіп, қалың жұрт оның қызығын көре алмайды. Мұнай-газ өндіруге ғана ұмтылған биліктің өндірістің басқа саласын дамытуға дәрмені жетпейді. Мұны «голландық ауру» деп атайды.

Агенттікте отырғанда Жақиянов  «голландық аурудың»  біздің елге де «жұққанын» дәлелдеп шығады. Мұның алдын алу жөнінде Президентке хат жіберген...

Осы агенттікте отырғанда ол құны миллиардтаған доллар тұратын ірі өндірістердің жекешелендіру кезінде көк тиынға сатылғанын, тіпті кейбір тау-кен орындары мен мұнай кеніштері тегінге берілгенін (!) анықтаған екен.

«Еліміздің бірде-бір мүддесі ескерілмеген, не салық жағынан, не жұмысшының жалақысы, не жергілікті экология мен әлеуметтік мәселелер ескерілмей қол қойыла салған құжаттарды көріп, жағамызды ұстадық» дейді ол.

Міне, сол тұстары газет бетінде Жақияновты сынаған мақалалар шыға бастады. Агенттіктің тексеру жұмыстары біреулердің шамына тиген деседі... Жыл аяғына жетпей агенттік таратылды.

 Жақиянов: «Семейім...»

Ол Семей облысының таратылып, Өскеменге қосылуын құптаған жоқ.

«Семей – Семей болып қалуы керек. Кешегі бабалардан қалған дәстүрді басшылыққа алсақ та, бүгінгі геосаясатты таразыға салсақ та, қазақ елінің бір ордасы – ұлы ғұламалардың Отаны – Семей» деді. Басқа қолынан не келуші еді? Ол кездегі әкімнің билігі шектеулі болатын, мәселе әкімде де емес еді...

Ол Семейді реформалағысы келді. Өлкені социализмнің жоспарлы жүйесінен жаңа нарық қатынастарына көшіру үшін түбегейлі реформаларды жүзеге асырған. Аяқтай алған жоқ бастаған ісін. Сол кездері Үкімет ішінде «экономикалық реформалардың отаны – Семей» деген пікір болған.

Бастысы, Семей облысын таратқан сол кезгі Үкіметтің шешімі қаншалықты қисынды болды? Мұны экономикалық-әлеуметтік әрі саяси тұрғыдан дұрыс қадам деп бағалай аламыз ба, бүгін? Торғай, Жезқазған, Көкшетау, Талдықорған...Бұларға қатысты тағы сол сауал. 

Ол Үкіметті неге айыптады?

IMG_3779Оның сол тұстағы Үкімет басшысы Қажыгелдинмен бір көзқарасы алшақ болатын. Бүй дейді Жақиянов: «Мына қазақтың боқмұрындарының қолынан түк келмейді. Одан да шетел менеджерлерін шақырғанымыз дұрыс» дегенімен келіспейтінмін. Сондағы ойым: «Байлығымызға өз жігіттеріміз ие болғаны дұрыс. Қателесер, бірақ түбінде үйренеді. Басқа елдерден біздің қай жеріміз кем деген ой еді».

«Біздің Премьер шетелден келген компанияларға, аферистерге, еліміздің небір байлығының есігін айқара ашып қойды. Фирманың аты ағылшынша жазылса болды...Үкіметтің ішінде «инвестор» шапанын бүркенгендер қаптады да кетті».

 Рахат Әлиев vs Жақиянов

Ол кездері «КТК» арнасы мен «Караван» газеті Әлиевке тиесілі-тін. «Рахаттың қолшоқпары» бұлар. Сол кездері «КТК» біреуді сынап жатса (әрине, үлкен саясаттағы біреуді), мұны байқұстың күйеу балаға жақпағанының белгісі санайды екен. Рахаттың назарына Ғалымжан да іліккен... Дәлелді болсын: «Өмір белестері» атты кітабында ол былай дейді:

– «КТК» мені де әурелей бастаған. «Сендер Жақияновқа «конкретный наезд» жасай алмадыңдар» деп меншікті тілшісі мен операторын  ауыстырған. Жаңа тілші Владимир Мусс біраз уақыт істеген соң, шыдамай, шындығын айтты. «Алматыдан редакторым телефон шалып, әкімнің үстіне «чернуха» сұрап күнде тоқтатпайды. Басында жіберіп тұрғанмын. Облыстың жағдайы мен әкімді жамандап, ойдан шығарған сюжеттерді де бердім. Одан әріге дәтім бармады...».

«КТК»-ның шабуылын «Караван» қостаған. Менің көзқарасыммен санаспаған, жауаптарымды жария етпеген, қай-жайдағыны жазған. Қарлығаш екеуміз «ажырасып жатыр» деген өсекке барған. «Мәселені шешкісі келсе, Рахатқа шықсын» деп біреулер сәлем айтса да, құлақ аспадым. Намыстандым. Кішірейгім келмеді. «Бүгін саусағыңды берсең, ертең қолыңды жұтады» демекші, осалдықтан сақтанған түрім еді.

«Бұл айқаста кім жеңді, кім ұтылды?». «Рахаттың ылаңын кім бұрын аңғарды, кім кеш түсінді?». Елдегі тәуелсіз басылымдар бұл сауалға бүгінге дейін жауап іздеуде.

Жалтақ әкім

Оның реформаларын сынға алғандар болды. Біразы орындалмады.

Ғалымжан Үкіметке де, Президентке де «бұл мәселе тікелей әкімдердің ел ішінен сайлануына байланысты екенін» талай айтыпты.

Ол жергілікті атқарушы билік органдары сайланбалы болуы керек деген ұстанымды қорғады. Бұл жергілікті биліктің жауапкершілігін күшейтудің жалғыз жолы.

Жақиянов Қазақстанда ауыл, аудан, қала әкімдерін халық тарапынан сайлауды ұсынған алғашқы адам.

– Жоғарыдан сайланған әкімді халық та қорғап қала алмайды. Өйткені оларды сайлаған сіз де, біз де емес. Нұсқаумен келген. Ал мұндай әкімдер абайлап, тіпті жалтақтап сөйлейді, – деді Жақиянов сол тұстары.

Думан БЫҚАЙ


Сурет: Асылхан Әбдірайымұлы


79e9ac075421c8d10a02287bed85dc40_bigҒалымжан айтыпты...







 

Әжем Баяухан дінге берік еді. Мені де имандылыққа, тазалыққа үйретті. Бұрынғы қазақтың еркін байтақ заманын аңсайтын. Бір күні әжеме көмектесіп, қол диірменді айналдырып отырғанмын. Қайдан келгенін білмеймін, бір талпақ танау қорс-қорс етіп, аулаға кіріп кетті. Әжем орнынан атып тұрып: «Бұл кәпірді ме...үйдің маңына да жолатпау керек» деп айырмен бір-ақ шаншыды...»

...

Бүгінгі күн тұрғысынан қарасам елдің азаттығы үшін, адамның бас бостандығы үшін күресіміз аяқталмапты. Құлдығымыздан арылмаппыз. Тәуелсіздік ұранын бүркеніп, өзінің жеке бас мүдделерін көздеген билік басындағылар азаттығымызға қауіп төндіріп тұр. «Азат өмірсіз тәуелсіздік болмас» – осы қағиданы ұмытпағанымыз дұрыс.

...

Өмірден байқағаным, қоғамдағы наразылық адамдармен дұрыс сөйлеспей, пікір алыспай, жеке дара қабылдаған шешімдеріңнен басталады екен...

...

Биліктегілерге шындық ұнамайды, бұрқыраған қазанның қақпағын ашқысы келмейді.

 

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x