Мемлекеттің қолдауымен иппотерапия жобасы тек ШҚО-да ғана жүзеге асуда

Dalanews 24 қар. 2022 18:01 200

Шығыс Қазақстан облысында дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйытқы болуымен 2015 жылдан бері «Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы» жұмыс істеп келеді. Клубтың міндеті – мүгедектер арасында бұқаралық спорттық қозғалысты қалыптастыру, сондай-ақ республикалық және халықаралық жарыстарға қатысу үшін спортшыларды іріктеу, – деп хабарлайды Dalanews.kz Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Қазіргі уақытта. біздің спорт мекемесі бірнеше бағытта жұмыс істейді – бұл Паралимпиадалық қозғалыс, қозғалыс және көру органдары зақымдалған адамдар үшін, есту органдары зақымдалған адамдар үшін иппотерапия, сонымен қатар шахмат, дойбы, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, пауэрлифтинг, қол күрес, жүзу, үстел теннисі, паралимпиадалық ат спорты, футбол, дзюдо бөлімдері ашылды.

Сонымен қатар біздің спорт клубымыздың балансында Глубокое ауданында ат спорты манежі бар, онда біз иппотерапия жобасын белсенді түрде жүзеге асырамыз. Бұл жоба 2016 жылдан бастап жыл сайын мамыр-желтоқсан айлары аралығында жүзеге асырылады, онда мүмкіндігі шектеулі 144 адам қатысады, оның ішінде 16 адам бейімделген ат спорты бағдарламасы бойынша айналысады және 8-і Қазақстан аумағында және одан тыс жерлерде бірнеше рет жарыстарға қатысқан спортшылар, – деді ШҚО өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы директорының орынбасары Фарид Қалиев мырза.


Айта кету керек, Қазақстандағы иппотерапия жобасы 2013 жылдан бастап бюджет есебінен толық қаржыландырылып келеді. Бүгінгі күні тек Шығыс Қазақстан облысында ғана аталған жоба іске асуда.

Ал мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубында қазірдің өзінде 192 белсенді спортшылар жаттығады. 20 жаттықтырушы олармен жұмыс жасайды.

Жыл сайын клубта мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт фестивалін өткізіліп, ШҚО-ның барлық аудандарынан спортшылар өзара сайысқа түседі. 7 жыл ішінде 123 «ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері», 15 спортшы «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 8-і «Спорт шебері» атақтарына ие болды.

– Жалпы, біздің міндетіміз балалар мен жастарды белсенді өмір салтына машықтау, мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа баулу, – дейді Фарид мырза.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x