Петропавлда реновация бағдарламасы сәтті іске асуда

Dalanews 15 там. 2022 02:35 172

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы саласында реновация бағдарламасы табысты жүзеге асуда. Айталық, облыс орталығы Петропавл қаласында бұл бағыттағы жұмыстар қолға алынған 2017 жылдан бері апатты жағдайда тұрған 1,7 мың үй сүріліп орнына жаңа көпқабатты тұрғын үйлер салынған. Осыдан-ақ, өңірде реновация бағдарламасы қарқынды іске асып жатқанын байқауға болады, – деп хабарлайды Dalanews.kz.   

СҚО әкімінің орынбасары Сәтжан Аблалиев бұл бағыттағы жұмысқа қызыққан құрылыс компаниялары реновациялық жұмыстарды алгоритмі жайында қысқаша баяндап берді.

– Бірінші кезекте біздер апатты жағдай тұрған үйлерді анықтап оларға инвентаризациялау жұмыстарын жүргіздік. Бұдан кейін жергілікті билік орындары қатысуымен жұмысты атқаратын инвесторларды іздестірдік. Бұл ретте біздер құрылыс компанияларының екі жылғы жұмыс тәжірибесі мен банктік кепілдігіне баса мән бергенімізді айта кетуіміз керек. Бұдан кейін инвестормен келсім-шартқа қол қойып, оларға жер телімі мен жобалық құжатты тапсырдық. Олар құрылыс жұмыстарын аяқтағаннан кейін келсім-шартта көрсетілгендей жергілікті билік орындарына өз үлесін пәтер негізінде беріп отырды, – дейді Сәтжан Аблалиев.

Осылайша жергілікті билік орындары мен жекелеген құрылыс компанияларының арасындағы өзара ынтымақтастықтың арқасында өңірде апатты жағдайда тұрған үйлердің саны айтарлықтай қысқарған.


Қазіргі таңда Петропавл қаласында реновация бағдарламасы бойынша 27 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарлануда.

647 пәтері бар 9 үйді мемлекеттік бюджет есебінен бой көтерсе, қалғанын инвесторлардың қаржысына салу көзделген. Жаңадан салынған үйлердің айналасын абаттандыру жұмыстарын жерігілікті әкімдік өз мойынына алып отыр. Осылайша реновациялық жұмыстардың арқасында Петропавл қаласының ажары кіріп қалды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x