Күні кеше ғана Владимир Путин мен Израильдің Премьер-министрі Нафтали Беннет телефон арқылы сөйлесіп, біраз мәселені талқылаған-ды.
Екі ел басшыларының сөйлесуінен кейін Израиль премьер-министрінің кеңсесі әңгіме басында Владимир Путин Лавровтың сөзі үшін еврей халқынан кешірім сұрағанын хабарлады.
«Екі ел басшылары телефон арқылы сөйлесу барысында Лавровтың айтқан сөзін талқылап, Путин министрдің артық айтылған сөз үшін кешірім өтінді. Өз кезегінде Премьер-министрі Нафтали Беннет кешірімді қабыл алып, Ресей президентінің Холокос қасіретін бастан кешкен еврей халықына жанды жарасына түсіністікпен қарағанына ризашылығын білдірді» деп хабар таратты.
Бұдан кейін екі елдің басшылары Украинадағы жағдайды талқылап, Нафтали Беннет Путинге «Азовсталь» зауытындағы бейбіт халықты эвакуациялау ісіне қолдау көрсетуді өтінген.
Өз кезегенді Владимир Путин өндіріс орынын паналап отырған бейбіт тұрғындар мен жаралағанға қарапайым азаматтарды БҰҰ мен Қызыл крест ұйымдастыруған дәліз арқылы эвакуациялауға жәрдемдесуге уәде берді.