Түлкібаста жарамазан айтудан жарыс өтті

Dalanews 07 сәу. 2022 13:28 238

Түркістан облысының жарамазаншылары Түлкібас ауданында бас қосып, өзара мықтыны анықтады, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасиетті Рамазан айына орайластырылған шарада салт дәстүрімізбен бірге келе жатқан жарамазан дәстүрі кеңінен насихатталды.

Шараға Түлкібас ауданы әкімі Нұрлан Байғұт, Түркістан облысының наиб имамы Самат Анарбаев, ауданның бас имамы М.Серік қатысты.

Байқау нәтижесінде Бас жүлдені түлкібастық «Арша» тобы қанжығаларына байлады. I орынды Төлеби ауданынан келген «Төлеби сазы» фольклорлық ансамблі, II орынды Отырар ауданынан келген «Отырар» триосы иеленсе, III орын Келес ауданының өнерпаздарына бұйырды.

Ал, аудан әкімінің арнайы сыйлығы «Созақ серілерінің» еншісінде кетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сый-сияпаттар табысталды. Жарамазан дәстүріне сай өнерпаздар жиналған жұртқа ақ баталарын беріп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x