Үржар әуежайы алдағы жылы пайдалануға беріледі

Dalanews 18 желт. 2021 12:08 317

Шығыс Қазақстан облысы туризм саласын дамытуда көш бастап келеді. Соңғы жылдары Алакөлге келіп демалушылардың саны күрт өскені белгілі. Туристердің демалыс аймағын шаршамай тез жетуі үшін ШҚО әкімдігі Үржар ауданында шағын әуежай салуды қолға алған болатын. Облыс әкімнің орынбасары Алмасхан Сматлаев Үржардағы салып жатқан шағын әуежай алдағы жылы пайдалануға берілетінін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

– Бүгінде Өскемен қаласының әуежайына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны белгілі. О баста Өскемндегі әуежайдың белгі беретін шамдарын Үржардағы әуежайға орнату жоспарланған еді. Кейіннен мұның техникалық тұрғыдан дұрыс емес екенін анықталғаннан кейін, жаңа жоспар дайындалды. Қазіргі таңда жоба аяқталуға жақын. 2022 жылдың алғашқы тоқсанында барлық жұмыстар аяқталаып, жаздан бастап Үржар әуежайы ұшақтарды қабылдай бастайтын болады, – деді облыс әкімнің орынбасары.

Бұған дейін ШҚО әкімдігі Үржар әуежайын 2022 жылдың сәуір айында аяқтауды жоспарлаған-ды. Бірақ алғашқы жобаға бірқатар өзгерістер енгізілгеннен кейін әуежай құрылысы жазға сырғығанын айта кетуіміз керек.

Бүгінде Үржар әуежайының ұшып, қоны жолағы заман талабына сай ұзартылып жатқан белгілі. Бұған Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 4,7 млрд теңге бөлінген болатын.

Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін Үржар әуежайы реактивті және турбоқалақшалы ВС Embraer 190, Bombardier Q-400, CRJ-200 әуе кемелерін күндіз, түні қабылдайтын мүмкіндікке ие болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x