Тарихи Отырар қалашығына барар жолы жөндеуден өтуде

Dalanews 31 там. 2021 04:21 164

Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «АҚ-ЖОЛ» ЖШС мердігер мекемесі облыстық маңызы бар КХ-105 «P-31-Кентау-Түркістан-Арыстанбаб-Шәуілдір-Төрткүл-Талапты» автомобиль жолының 16,9 шақырымы орташа жөндеуден өтеді, – деп хабарлайды Dalanews.kz Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жол жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі. Бекітілген сметалық кұжаттамаға сәйкес, жол бойындағы ескі су өткізгіш құбырлар ауыстырылады. 12 шақырым жолдың ескі асфальт жабыны бұзылып, екі қабат асфальт салынатын болады. Сондай-ақ, қалған 4,9 шақырым жолдың үстіне тегістеуші қабат (выравнивающий слой) пен майда түйіршікті асфальтобетон жабынын төсеу қарастырылған.

Жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасына тапсырыс беруші, техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x