Маңғыстаулық шаруаларға қысқы мал азығын дайындауға 5,3 млрд теңге бөлінді

Dalanews 08 там. 2021 09:42 230

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өткен айда Маңғыстау облысына жасаған сапарында фермерлік шаруашылықтарға қолжетімді бағамен  шөпті сатып алу және жеткізу үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруға, сондай-ақ «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ  жем-шөп (кебек) сатып алуға қосымша қажетті қаражат бөлінетінін айтқан болатын, – деп хабарлайды Dalanews.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үкімет басшысының тапсырмасымен қазынадан 5,3 млрд теңге бөлінді. Оның 1,9 млрд теңгесі шөп, ал қалған 3,4 млрд қаржы жем сатып алуға жұмсалмақ.

Осылайша өңірде қысқы мал азығының қорын қалыптастыру жоспарланып отыр. Қазір қажетті жем алу үшін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ  мен «Каспий» ӘКК арасында келісім жасалуда. Сонымен қатар әр ауданнан операторлар анықталып, еліміздің өзге өңірлерінен шөп тасуға дайындық жүріп жатыр.

Дәл қазір жаз бітіп күз басталуға айналды. Біздің ебедейсіз компаниялар әбжіл әрекетке көшіп, қажетті келісімдерін жасағанша талай уақыт өтіп, қыс та келіп есік қағуы мүмкін.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x