Әйтенов құлағалы тұрған 5 емхананың мәселесі қалай шешілетінін айтты

Dalanews 24 ақп. 2021 09:13 194




Шымкентте 5 медицина нысаны апатты жағдайда тұр. 2021 жылы оның бәрі бұзылып, орнына жаңа емхана салынады. Бұл туралы Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов халыққа есеп беру кезінде айтты. 


"2024 жылға дейін емхана, ауруханаға қатысты мәселелер толық шешіледі. Біздің қалада жалпы 5 емхана апатты жағдайда тұр. Соған байланысты жоспар жасап жатырмыз. Оның бәрін күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік жоқ. Себебі бәрі тозған. Сол себепті бәрін бұзып, жаңадан салу үшін құжаттар дайындап жатырмыз", – деді Әйтенов.

Айтуынша, емхана жерін инвесторларға беру нұсқасы да қарастырылған.

"Инвесторлар келіп жатыр. Егер олар өз қаражатына емхана салып, тұрғындарды қамтамасыз етеміз десе, емхананың жерін беруге болады", – деді қала әкімі.


Айтуынша, 2020 жылы Шымкентте жеті денсаулық нысаны күрделі жөндеуден өтті. Биыл 6 нысанды жөндеуден өткізу жоспарланған.



Сонымен қатар 2020 жылы Шымкентте 31 455 сәби дүниеге келді. Қалада төрт перзентхана бар. Қазір екі перзентханада күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Орын тапшылығына байланысты №1 аурухананың жанынан бесінші перзентхананы ашу жоспарланған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x