«Nur Otan» кандидаттары: «Сайын Шапағатов ауылында Мәдениет үйі мен дәрігерлік амбулатория салынады»

Dalanews 27 желт. 2020 15:46 304

Түпқараған аудандық сайлауалды штаб мүшелері мен Маңғыстау  облыстық мәслихат депутатығына үміткер Наурызбек Мағдатов Сайын Шапағатов атындағы ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге көп балалы аналар, әйел азаматшалар қатысты.

«Nur Otan» партиясының Түпқараған аудандық сайлауалды штаб басшысы Светлана  Жолдасова жетекші саяси ұйымның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты республикалық және аудандық сайлауалды бағдарламаны таныстырды.

– «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, әр облыс, қала, аудандар өзінің сайлауалды бағдарламасын әзірлеген болатын. Осыған сәйкес, біздің ауданның да сайлауалды бағдарламасы жасақталды, ол 2021-2025 жылдарға арналған. Дамудың жеті басымдығын қарастырған.

Олар – экономикалық тұрақты аудан, жайлы аудан, әлеуметтік бағытталған аудан, жастарға арналған аудан, тарих пен мәдениетті дамыту, ашық және есеп беретін жергілікті органдар және қауіпсіз аудан. Осы тұста айта кететін жайт, Сайын Шапағатов ауылдық округінің халқымен кездесуде көп айтылатын ұсыныс-пікірлердің бірі – ауылға мәдениет үйін салу. Бағдарламаның «Тарих пен мәдениетті дамыту» бөлімінде бұл ұсыныс-пікірлер қамтылды. Аудандық сайлауалды бағдарламасының жоспарына сәйкес, Сайын Шапағатов ауылдық округінен мәдениет үйін және кітапхана салу 2024 жылы деп белгіленді, – деді Светлана  Жолдасова.


Одан әрі медицина саласына тоқталып өткен үміткер Нурбол Мендалиев:

– Өзім медицина салысының қызметкері болғандықтан маған осы сала төңірегінде әңгіме өрбіту, халыққа түсіндіру жұмысын жүргізу өте ыңлайлы. Медицина саласы партияның сайлауалды бағдарламасының ең басты басымдықтарының бірі болғандығы бізді айрықша қуантады. Осы тұрғыда эпидемиялогиялық жағдайдан бастап, амбулатория салу да жоспарға енгізіліп, көп көңіл бөлінген. Мысалға 2021-2025 жылдарға арналған жоспарлардың ішінде 2021 жылы Сайын Шапағатов ауылдық округінен дәрігерлік амбулаториясын салуға жоспарланған. Одан бөлек, медицина саласына көп көңіл бөлінген, – деді «Nur Otan» партиясының үміткері.

Бұдан кеін Түпқараған аудандық мәслихат депутатына үміткер Еркебұлан Жеткізгенов аудандық сайлауалды бағдарламаның 6 бағытына тоқталып өтті.

– Бізге мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындарының өзара қарым-қатынасының мүлдем жаңа сипатын қалыптастыру қажет. Ынтымақтастықтың басты қағидаттары – ашықтық, есеп берушілік және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл болуы тиіс, – деп кандидат осы бағыттағы жоспарлармен таныстырды.

Ең жас депутаттық мандатқа үміткер Гауһар Шамқұлова сайлауалды бағдарламаның жастарға арналған бағытына тоқталып өтті.

Басқа да аудандық мәслихат депутатына үміткерлер Балғаным Жолдыбаева, Үсен Избасаров, Аманкүл Қопашова, Арғын Қосай, Нұрлыбек Адеков және Ғабит Шәудірбаев «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы жайында сөз қозғап, үгіт-насихат науқаны аяқталғаннан кейін де халықпен етене жұмыс істейтіндіктерін жеткізді. Үміткерлер 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Ауыл тұрғыны Ақмарал Кенжебаева емхананы үлкейту мәселесін көтерді.  Кандидат Ғ.Шәудірбаев: «2021 жылы Сайын Шапағатов ауылдық округінен дәрігерлік амбулатория құрылысы жүргізіледі. Одан бөлек, санитариялық-эпидемиологиялық қызметті күшейтуге, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық тәсілдерін медициналық практикаға енгізуге және медициналық ұйымдарды жоғары технологиялық жабдықпен қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жоспарға енгізілді» деп алдағы уақытта салынатын дәрігерлік амбулаторияның жай-жапсары жайында түсіндіріп берді.


Жиында бұдан бөлек жастардың уақытын тиімді пайдалану, жұмыспен қамту, ауылда бұқаралық спортты дамыту, спорт кешенін салу, кітапхана, мәдениет үйін салу секілді қажеттіліктер айтылды. 2023 жылы спорт кешені,

2024 жылы мәдениет үйі және кітапхана бой көтереді. 5 жыл ішінде нақты іс-шаралардың арқасында тұрақты жұмыс орындары құрылып, жастар жұмыспен қамтылатын болады.



(Материал ақысы «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Сайлау қорының қаражаты есебінен төленді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x