Нұр-Сұлтанда жаңажылдық бас шырша жағылады

Dalanews 20 желт. 2019 14:58 223

20 желтоқсан күні сағат 18:00-де EXPO-2017 көрмесінің аумағында еліміздің бас жаңажылдық шыршасының шамын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы жылы астананы «Қайырымды қала» атты ұранмен безендірудің бірыңғай тұжырымдамасы әзірленді.

Еліміздің басты шыршасының жағылуы келе жатқан 2020 жыл – Еріктілер жылымен байланысты. Сонымен қатар, аталмыш шарада «Қайырымды қала» атты жаңа ән көрермен назарына ұсынылады. 


Үшінші жыл қатарынан еліміздің бас шыршасы елорданың көрікті жерлерінің бірінің алдында жағылуда. Салтанатты рәсімге қаланың барлық мектептерінің оқушылары мен ата-аналары шақырылды.

EXPO көрмесінің аумағында кішкентай көрермендер үшін аниматорлар мен әр алуан қуыршақтар өнер көрсететін болады. Бас шыршаның алдындағы аумақ жаңажылдық кіші архитектуралық нысандармен безендірілген, сондай-ақ аумақта мұз айдыны мен сырғанақ төбешіктер орнатылды.


Салтанатты рәсім әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламамен сүйемелденетін болады.   Астаналық көрермендерге арналған ойын-сауық бағдарламасы сағат 18:00-де басталса, жаңажылдық шырша сағат 19.00-де жағылады. Еліміздің бас шыршасының биіктігі – 25 метр. Сол уақытта бас шыршамен бірге қаланың әртүрлі аудандарында орнатылған барлық жаңажылдық шыршалар жағылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x