Оқыс оқиға

Dalanews 12 қыр. 2019 11:01 146

12 қыркүйек күні Алматы облысы Іле ауданы Қуат-2 шағын ауданында су құбырына  арналған траншея қазу кезінде экскаватор шөмішімен орташа қысымды жерасты полиэтилен газ құбыры зақымданды.

Осыдан кейін апаттық-диспетчерлік қызмет (АДС) бригадасы жер үсті қақпа клапанын жауып, газ беруді тоқтатты. АДС келгенге дейін экскаваторшы оқиға орнынан кетіп үлгерген.

Бүгінде экскаватор туралы ақпарат Іле ауданының жол полициясына берілді. Құбырдың зақымдануы салдарынан 250 тұрғын үй мен бірнеше коммуналдық кәсіпорын газсыз қалған.

Газ қызметкерлері қазу жұмыстарын жүргізер алдында тиісті қызметтермен келісу міндетті екендігін ескертеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x