Ораза айт мерекесі

Dalanews 07 мау. 2019 02:20 250

Еңбекші ауылдық округінде Ораза айт құрметіне əкімшілік жəне ауыл имамының ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарының арасында спорттық іс-шаралар өтті.

Атап айтсақ: қол күрес, гір тасын көтеру, арқан тартыс, көкпар. Жастар ерекше атсалысып, жеңімпаздар мешіт имамының атынан қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Округ əкімі Қ.Сағымбеков «Алакөл Ақбас» ЖШС-нің директоры С.Қапсаметке жəне ауыл тұрғыны Б.Сырлыбаеваға рамазан айында жасаған жақсылықтарына алғыс білдіріп, алғыс хат пен Құран кітап табыс етті.

Сонымен қатар «Алакөл Ақбас» ЖШС-нің директоры С.Қапсаметтің демеушілігімен 50 жастан асқан ауыл тұрғындарының арасында қол күрестен жарыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x