Түлкібаста биыл 62 шақырым жол жөнделеді

Dalanews 12 мау. 2019 05:35 313

Түлкібас ауданында әлеуметтік мәселелердің дені оң шешімін тауып, аудандағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды жүзеге асып жатыр.

Аудан аумағында жалпы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 827,9 шақырымды құрайды.

Оның ішінде – республикалық маңызы бар 59 шақырым болса, облыстық маңызы бар 242,9 шақырым. Ал аудандық маңызы бар жолдар 96,6 шақырым, елді-мекен көшелері 429,4 шақырымды құрайды.

2019 жылы аудан бойынша жалпы ұзындығы 62,3 шақырым 41 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Оның ішінде: 15,2 шақырым 5 жолға күрделі жөндеу жұмыстары, 47,1 шақырым 36 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 20 шақырымы жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында аяқталып, жұрт жаңа жолды пайдалана бастайды. Осы жұмыстар атқарылған соң аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайы 84,2% -ға, елді-мекен көшелері 85,1%-ға артпақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x